1. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – мектеп инспекторы Б.Қиялбекованың есебі » СШ №37
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-43-08-22
Есепші бөлімі:
+7(726) 2-43-08-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – мектеп инспекторы Б.Қиялбекованың есебі
18
сәуір
2019

1. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – мектеп инспекторы Б.Қиялбекованың есебі

Ы.Сүлейменов атындағы № 37  орта мектебі

мектепішілік ата – аналар жиналысы

Хаттама  № 3


Өткізілген  күні:    17.04.2019ж

Өткізілген уақыты:     1700


Қатысқандар: 

  1. Мектеп инспекторы  - Қиялбекова Б.А. 
  2. Қамқоршылық кеңес мүшелері -15


Күн тәртібінде   қаралатын мәселе:  

  1. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың  алдын алу – мектеп инспекторы Б.Қиялбекованың есебі


Тыңдалды :  қамқоршылық кеңес төрайымы – Омарова Е.И. ата– аналарды күн тәртібінде қаралатын мәселе бойынша таныстырып өтті. 

Бірінші мәселе бойынша  мектеп инспекторы Қиялбекова Б.А сөз алды:       

       Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың көбеюі. Бүгінгі таңда денсаулық жаулары деп аталатын зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін зардабы, өміріне туғызатын қаупі туралы түсінік берді. Отбасындағы психологиялық жағдайдың шиеленісуі , ата – ананың ұрыс – керісі, маскүнемдігі сияқты жайсыздықтар да балалардың үйінен қашып, түрлі топтарға үйір болуына ықпал ететіні жайлы мәселеге тоқталды. Кәмелетке толмаған балалардың бейәдеп іс – әрекеттерін алдын – алу ата – аналарға яғни отбасына тығыз байланысты екендігі, осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек  екендігін айтып өтті. 

ІІІ тоқсанбарысында құқық бұзушылықтың  алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстар:   мектеп аумағында, ғимарат ішінде күн сайын тексеру жүргізіп, стихиялы сауда – саттықтың жолын кесу және күдікті тұлғаларды тексеру, мектепке бөгде адамдардың келуіне жол бермеу шаралары жүргізілді. Сәуір айында балалардың есірткі құралдарын тарату мен пайдалануға қатысу деректерін алдын алуға бағытталған және белгісіз тұлғалардан кондитерлік тағамдар мен сағыз өнімдерін сатып алуға жол бермеуді түсіндіру жұмыстары 1- 11 сынып оқушыларымен жүргізілді. Осы бағытта мектепішілік рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Тексеріс барысында факт бойынша анықталған оқушылар болмады. «WhatsApp» желісі арқылы жалған ақпараттарды тарату Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатыны жөнінде оқушылар және педагогтар арасында түсіндірілді. Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың көбеюінің себеп, салдары туралы және оның алдын алу жолдары туралы мәселе қозғалды. 

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады.Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі. Мысалы : теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанқұйлы оқиғалар,алдап арбау мұның өзі келешек ұрпақтың мінез құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. 

Мектеп оқушыларының мектепке ұялы телефон (смартфон) әкелуге болмайтыны ескертілді.5 – 11 сынып   оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын – алу профилактикасы жүргізілді. «Мен және менің полицейім» тақырыбында  4 – 6 сынып оқушыларына дәріс оқылды.10.04.2019жылы 7-11 сынып қыздары арасында және 15.04.2019ж. күндері ұлдар арасында өткізілген жиналыста  ҚР ӘҚБ баптарымен және мектеп ережелері туралы ақпараттарымен таныстырылды. Мереке және демалыс күндері ойын-сауық орындарында, кафелерде міндетті түрде мектеп мұғалімдерінің қатысуымен рейд жұмыстары жүргізіледі-деді.


Қабылданған шешім:   

  1. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің тәртібіне мектеп пен ата – аналар тарапынан бақылау күшейтіліп, мектеп ауласындағы, аялдамалардағы кезекшілік қадағалансын.
  2. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары,  әлеуметтік желіні пайдалануы мектептен тыс бос уақытын қадағалау мектеп қызметкерлері  мен ата – аналарға тапсырылсын.
  3. Мектеп инспекторы – Б.Қиялбекованың есебі «қанағаттандырарлық» деп табылсын.


Хатшы:                                  қамқоршылық кеңес төрайымы Омарова Е.И





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив