Жалпы ата – аналар жиналысының. Хаттамасы №4 » СШ №37
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-43-08-22
Есепші бөлімі:
+7(726) 2-43-08-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалпы ата – аналар жиналысының. Хаттамасы №4
30
наурыз
2019

Жалпы ата – аналар жиналысының. Хаттамасы №4

Ы.Сүлейменов атындағы № 37 орта мектебі
Жалпы ата – аналар жиналысының
Хаттамасы №4

Тараз қаласы « 29 » наурыз 2019ж

Қатысқандар:
1. Жиналыс төрағасы - Дүйсенбаев Б.Ж
2. Қамқоршылық кеңес мүшелері – 15
3. Ата – аналар комитетінің төрайымы – Сәрсенбаев Ж.
4. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы – Омарова Е.И.
5. Ата-аналар

Күн тәртібінде қаралатын мәселе:
1.Мектеп директоры - Дүйсенбаев Б.Ж.
Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің алдындағы есебі туралы
2.Құқық бұзушылықтың алдын алу – мектеп испекторы Қиялбекова Б.А.
3.Әртүрлі мәселелер

Тыңдалды: Мектеп директоры Дүйсенбаев Бөкейхан Жақыпұлы жиналысты ашық деп жариялап, қатысушыларды күн тәртібі бойынша қаралатын мәселелермен таныстырып өтті.
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Дүйсенбаев Бөкейхан Жақыпұлы -
Қамқоршылық кеңес келесі іс – шараларды өткізуге ат салысты: тоқсандық ата – аналар жиналыстарына қатысты мектеп пен отбасы, құқық бұзушылықтың алдын – алу бойынша жүргізілген рейдтерге қатысты. Қайырымдылық акциялары бойынша іс – шараларға қатысты (ұжым тарапынан өз еріктерімен жиналған қаражатқа, мұқтаж балаларға қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етті). Қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы толық ақпарат берді.
Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау, 0 – 18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылғанын айтып өтті. Сөз кезегін мектебіміздің әлеуметтік педагогы Ж.Ермекбаеваға берді. Жыл сайынғы қаңтар – ақпан айларында өткізілетін дәстүрлі «Қамқорлық» акциясы және акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілгені туралы айтып өтті. Айлық кезінде мектеп ұжымы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға мектепке қажетті оқу құралдарымен кейбіреулеріне киім – кешекпен көмек етілгендігі туралы айтып өтті. Атап айтсақ: 1,7,9 сыныптарда оқитын Ықыластар отбасының балаларына, 1 сыныпта оқитын М.Бодауға, 11 сынып оқушысы С.Нұрғалиға әлеуметтік көмек көрсетілді.
Екінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Б.А Қиялбекова «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» туралы баяндама оқыды. Кәмелет жасына толмағандардың құқық бұзушылық үшін жауапкершілігі жайлы мәселе қоғам өмірінде «қылмыстылықпен» күресті шешуде маңызды орын алады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және жазалау мәселелері ҚР Қылмыстық Кодексінің 6 бөлімінде қарастырылған. Бұл жағдай ең алдымен Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы қылмыстылықтың құрамдас бөлігі ретіндегі айтарлықтай өзіндік ерекшеліктерімен дәйектеледі. ҚР ҚК – нің «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» жөніндегі бөлімінің 78 бабының 1 бөлігінде «Кәмелетке толмағандар деп – қылмыс жасаған кезде қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылатындылығы» белгіленген. ІІМ – нің Экстремизм мен терроризмнің көріністеріне қарсы іс – қимыл жасау жөніндегі 2019жылға арналған кешенді іс – шаралар жоспарын орындау шеңберінде мектептегі сабақтарға діни киім киіп келетін кәмелетке толмағандардың нақты санын анықтау және білім беру және бала тәрбиесі саласындағы міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін ата – аналар мен заңды өкілдерін әкімшілік жауапкершілікке тартуды қоса алғанда ,білім беру басқармаларымен бірлескен профилактикалық іс – шаралар өткізу бойынша қажетті ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданды.
Өткізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы кешенді жоспар бойынша мектепте діни киім киіп келетін оқушы жоқ. Жасөспірімдер арасында бопсалау және қылыстың алдын – алу бойынша 7 – 11 сынып оқушылары арасында профилактикалық іс – шара жүргізіліп, дәрістер оқылды.
Қазіргі таңда мектепте қалалық және мектеп есебінде тұратын оқушы жоқ. Балалар мен жасөспірімдер арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтың алдын – алу мәселелері бойынша ата – аналар қоғамдастығы арасында ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын өткізуде ата-аналардың белсенділігі қажет - деді.
3. Наурыз мейрамының ұйымдастырылуы және өткізілуі туралы сөз кезегі -
ДТІЖО Дуанбекова Г.С берілді. 19 наурыз күні мектептің 1 – 11 сынып оқушыларына наурыз мейрамы ұйымдастырылатынын, мейрамды өткізу туралы бұйрық шығарылып, мейрамды өткізудің ұйымдастырудың кестесі жасалғанын, «1 – Наурыз» алғыс айту күні және 8 – наурыз халықаралық әйелдер күні концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында мектеп түлектерінің зейнеткер ұстаздарды және қамқоршы ата – аналарды марапаттағанын және сыйлықтар табысталғанын айтып өтті.
Сөз алды: қамқоршылық кеңес төрайымы – Омарова Е.И.
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы.Сүлейменов атындағы № 37 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан құрылған қамқоршылық кеңесі төмендегі жаңа құрамда өтініш берген мүшелермен толықтырылды. Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне :
1. Сартаев Ғалымжан Абдихалыкович – Тараз қаласы әкімдігінің есеп бөлімінің есепшісі.
2. Шупенов Медет Серикович – «Казфосфат» ЖШС – нің дәнекерлеушісі.
3. Қиялбекова Балнұр Амангелдіқызы – Тараз қаласы ПБ 1 – ПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ
4. Жұматаева Гауһар Маратқызы – жеке кәсіпкер ИП «Арсен»
5. Баузаков Сабит Камбарович – 1 сыныптың ата – анасы
6. Сейітова Айдана Адылбековна - 2 сыныптың ата – анасы
7. Қозыбақова Жанар Пахрадиновна – 3 сыныптың ата – анасы
8. Карибаева Аигуль Ибраевна – 4 сыныптың ата – анасы
9. Жуматаева Айнур Мейрамбековна - 5 сыныптың ата – анасы
10. Омарова Еркежан Исаханқызы – 6 сыныптың ата – анасы
11. Мухметова Гульсим Атынтаевна - 7 сыныптың ата – анасы
12. Каримсакова Карлыгаш Дулатовна - 8 сыныптың ата – анасы
13. Абдрахманова Шолпан Тураровна - 9 сыныптың ата – анасы
14. Пешекова Гульшат Альжановна - 10 сыныптың ата – анасы
15. Үкібаева Айсара Андабековна - 11 сыныптың ата – анасы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 11.01.2019жылғы №31 бұйрығымен бекітілді.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы кеңес мүшелерінің және мектеп директорларына ынтымақтастыққа жұмыс жасап жатқандықтарына, балаларға көрсетіліп жатқан қамқорлықтары үшін ризашылығын білдіріп, рахметін айтты.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, шешім қабылданды.

Шешім:
1. Қамқоршылық кеңес туралы ереженің орындалуы назарға алынсын.
2. Қамқоршылық кеңесі мүшелері өз міндеттері бойынша іс-шаралардың жүзеге асуына ықпал етсін.
3.Кәмелетке толмаған жасөспірімдермен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары үнемі жүргізіліп, мектеп қызметкерлері мен ата – аналар арасындағы байланыс нығайтылсын.



Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Омарова Е.И.
Хатшы: Нұрахметова А.Е.




Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектебі




29.03.2019ж. мектеп директоры – Б.Ж.Дүйсенбаевтың қамқоршылық кеңес мүшелері алдындағы есебі тыңдалды.


Ата-аналар жиналысы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив