Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектебі
Жұмыс туралы хабарландыру!
37-taraz.mektebi.kz «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектебі» КММ КОНКУРС жариялайды:
Уақытша бос орынға конкурс жариялау!
1. Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 362 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
- Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар модуль «Enbek.kz», мектеп сайты мен әлеуметтік парақшаларында (фейсбук, инстаграмм) жарияланады.
Конкурс төмендегідей уақытша бос орынға жүргізіледі:
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1 жүктеме, уақытша орын;
- Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектебі» КММ. Мекеменің мекен жайы: 1 тұйық, Мәңгілік ел 26..
Құжаттар 11.02-19.02.2025 жыл аралығында қабылданады.
- Электронды почта: mektep-37@yandex.kz
- Анықтама үшін байланыс телефоны: 43-69-14; +7 747 771 99 71. Қоңыраулар мен өтініштерді қабылдау уақыты: 09:00 - 17:00. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
2. Негізгі функционалдық міндеттері: Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог-мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын құрады.