13
қаңтар
2019
Қамқоршылық кеңес алдындағы инспектордың есебі
Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектебінде 5.10.2018ж. ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелері алдында мектеп инспекторы Б.А.Қиялбекова өз есебін берді.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, әлеуметтік желілердің, қымбат смартфондардың пайдасы мен зияны туралы мәселе қозғады. Б.А.Қиялбекова ата-аналардың сұрақтарға жауап беріп, әртүрлі жағдаяттарды талдап, бірнеше құқық бұзушылыққа байланысты баптармен: Қ.Р.Ә.К.Б. Кодексінің 442 б 1,2 тармағы , Қ.Р.Ә.К.Б. Кодексінің 435 баптарымен таныстырды.
Мектепте мектепішілік, қалалық полиция бөлімінде есепте тіркелген оқушылар жоқ. Тұрмысы қолайсыз, жайсыз отбасынан шыққан оқушылар тіркелмеген.
Материал мектеп сайтына және фейсбукке жарияланды.

Мектеп инспекторы - Б.А.Қиялбекованың есебі. 5.10.2018ж

Ы.Сүлейменов атындағы № 37 орта мектебі
мектепішілік ата – аналар жиналысы
Хаттама № 1
Өткізілген күні: 05.10.2018ж
Өткізілген уақыты: 1700
Қатысқандар:
1. Мектеп директоры - Дүйсенбаев Б.Ж.
2. Ата – аналар - 75
3. Қамқоршылық кеңес мүшелері -9
4. Мектеп инспекторы - Қиялбекова Б.А.
5. Психолог - Мырзахметова А.А
6. ДТІЖО – Дуанбекова Г.С.
Күн тәртібінде қаралатын мәселе:
1. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу 2. Әлеуметтік желілердің, қымбат смартфондардың
пайдасы мен зияны туралы
Тыңдалды : мектеп директоры – Дүйсенбаев Б.Ж ата – аналарды күн тәртібінде қаралатын мәселе бойынша таныстырып өтті.
Бірінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Қиялбекова Б.А сөз алды: қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі – бұл
жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық
тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек екендігін айтып өтті. Бүгінгі таңда денсаулық жаулары деп аталатын зиянды заттардың адам
ағзасына тигізетін зардабы, өміріне туғызатын қаупі туралы түсінік берді. Отбасындағы психологиялық жағдайдың шиеленісуі , ата –
ананың ұрыс – керісі , маскүнемдігі сияқты жайсыздықтар да балалардың үйінен қашып, түрлі топтарға үйір болуына ықпал ететіні
жайлы мәселеге тоқталды. Кәмелетке толмаған балалардың бейәдеп іс – әрекеттерін алдын – алу ата – аналарға яғни отбасына тығыз
байланысты екендігі айтылды.
Екінші мәселе бойынша – қазіргі кездегі аса бір қиын мәселе әлеуметтік желіні жиі пайдалану. Оқушының уақытының көп бөлігі
үйінде өтетін болғандықтан , ата – аналарға балалардың уақытты тиімді пайдалану керектігін ескертті. Әлеуметтік желіні пайдалану
барысында балаларды үйде қатаң бақылауға алу керек – деді.
Мектепте оқушыларды зиянды ақпараттан қорғау мақсатында балалардың ғаламтордағы рұқсат етілмеген сайттар мен ресурстарға қол
жетімдігін қысқарту, мектепке қымбат смартфондарды алып келуге тыйым салу туралы хатымен таныстырып, оның салдарына тоқталды.
Әсіресе ер балаларға қымбат смартфондарды алып жүру қауіпті. Осыдан келіп ұрлық, төбелес, жанжалдасу, әлімжеттік сияқты оқиғалар
орын алады. Апта сайын оқушыларға рейд жасап, суық қару мен зиянды заттар қолданбау, қымбат , бағалы ұялы телефондарды сабаққа
алып келуіне шектеу қою мақсатында мектепішілік рейд жүргізіліп қорытынды жасап отыратындығын, оқушылардан аталған заттар табылған
жағдайда ата-аналары шақырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, қажет болған жағдайда түсініктеме алынып, хаттамалар
толтырылатынын айтты.
Сөйледі: 7 сынып ата-анасы Мухметова Г. - оқушылар кешкі мезгілде міндетті түрде ата-анасымен жүру керек пе, кейде ІІ ауысымнан
шыққан соң автобустар тоқтап қалады, Сүлеймен көшесінің соңына бару қиындық тудыратынын айтты. Б.А.Қиялбекова: кешкі сағ.
20:00 ден бастап оқушылардың ата-анасынсыз немесе заңды өкілсіз жүруіне болмайтынын және басқа да ата-аналардың сұрақтарға жауап
беріп, әртүрлі жағдаяттарды талдап, бірнеше құқық бұзушылыққа байланысты баптармен: Қ.Р.Ә.К.Б. Кодексінің 442 б 1,2 тармағы ,
Қ.Р.Ә.К.Б. Кодексінің 435б. таныстырды.
Қабылданған шешім:
1. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің тәртібіне мектеп пен ата – аналар тарапынан бақылау күшейтіліп, мектеп ауласындағы,
аялдамалардағы кезекшілік қадағалансын.
2. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары, әлеуметтік желіні пайдалануы мектептен тыс бос уақытын қадағалау мектеп
қызметкерлері мен ата – аналарға тапсырылсын.
3. Мектеп инспекторы – Б.Қиялбекованың есебі «қанағаттандырарлық» деп табылсын.
Хатшы: Нұрахметова А.Е