ОБ ОЖСБ онлайн байқау сынағы » СШ №37
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-43-08-22
Есепші бөлімі:
+7(726) 2-43-08-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ОБ ОЖСБ онлайн байқау сынағы
16
маусым
2017

ОБ ОЖСБ онлайн байқау сынағы

Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) орта білім берудегі 9-сынып оқушыларына арналған онлайн байқау сынағын өткізеді. Оқушы тестілеуді екі пәннен тапсырады: 1-пән – қазақ тілі, 2-пән – ұсынылған 11 пәннің ішінен таңдау бір пәні: дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, биология, география, қазақ әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілі) / орыс әдебиеті (оқыту тілі орыс тілі), ағылшын тілі.

Онлайн байқау сынағы тестілеуінің арқасында оқушы компьютерлік бағдарламалық құрылымның интерфейсімен таныса алады және жұмыс жасау қабілетін қалыптастырады.

Онлайн байқау сынағы ақылы түрде өткізіледі, бір реттік тестілеу құны 260 теңге.Тестілеу ақысын ҰТО-ның реквизиттері бойынша Халық банкі немесе Казпошта, сонымен қатар «Касса 24» терминалы арқылы төлеуге болады.

Төлемақыны төлеудің екі түрлі тәсілі бар: жеке және топтық. Жеке төлемақыда оқушы төлемді өзі жүргізеді және өзалдына тестілеу тапсыру үшін оған жеке пароль мен логин беріледі. Топтық төлемақы жүргізуде мектептің жауаптысы (мұғалім, директордың орынбасары т.с.с) барлық оқушыларға төлемді бір уақытта жүргізеді. Жауаптыға парольдер мен логин көрсетілген сілтеме жіберіледі, сол сілтеме арқылы логин мен парольді енгізіп әрбір оқушыны тіркейді.

ТөлемақыХалық банкі немесе Казпошта арқылы жүргізілген жағдайда, оқушы немесе жауапты тұлға төлегендігі туралытүбіртектің түпнұсқасын ҰТО филиалдарына тапсырады. ҰТО филиал қызметкерлері тестіленушіні тіркеп, байқау сынағын өту үшіноларға тіркеу парағын береді.

«Касса 24» терминалы арқылы төлем жүргізу үшін тестіленуші немесе жауапты тұлға өзінің электронды поштасын көрсетеді және сол поштаға тестілеу тапсыруға арналған логин мен пароль жіберіледі.

Әрбір тестіленушінің байқау сынағын бірнеше рет өту мүмкіндігі бар.Тестілеу нәтижесі сол сәтте шығады, еш жерде жарияланбайды және тестіленушінің бағаларына әсер етпейді.

«Касса 24» терминалы арқылы төлем жүргізу үшін:

«Касса 24» терминалында «Білім беру қызметтері»

бөлімінде«Национальныйцентртестирования» түймешегін таңдайды;

берілген қызметтерден«ОБ ОЖСБ онлайн байқау сынағы»қызметін таңдайды;

өзінің электронды поштасы мен тестілеуден өту санын енгізеді;

терминалда көрсетілген мөлшерде төлем жасайды;

тестілеу логині мен паролі төлем жасаған соң көрсетілген электронды поштаға автоматты түрде келеді.

Тестілеу логині мен паролін алғаннан кейін оқушы интернет желісіне қосылған кез-келген компьютерде білімін тексере алады.

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив