ОЖСБ онлайн-тестілеуін өткізу » СШ №37
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-43-08-22
Есепші бөлімі:
+7(726) 2-43-08-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ОЖСБ онлайн-тестілеуін өткізу
16
маусым
2017

ОЖСБ онлайн-тестілеуін өткізу

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) онлайн-тестілеуі 9 және 11-сыныптарда жүргізіледі.

9-сыныптардағы ОЖСБ 2 пән бойынша тапсырылады. Оның ішінде: қазақ тілі – міндетті пән, екінші пән - келесі пәндердің біреуі: алгебра және талдау бастамалары, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, химия, физика, география, биология, информатика. Тест тапсырмасының жалпы саны – 60, тестілеуге жалпы 2 сағат 10 минут уақыт беріледі.

9-сынып оқушыларға арналған тест тапсырмаларының құрылымы:

Қазақ тілі пәні 20 тест тапсырмасынан тұрады. Тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс. Сонымен қатар, 1 мәтін беріледі, әр мәтінге 5 тест тапсырмасы беріледі. Әр тапсырмада берілген бес жауап нұсқасының біреуін таңдау талап етіледі.

Басқа пәндерден – 40 тест тапсырмасы беріледі, олардың 25 тапсырмасы бір дұрыс жауаптан тұрады, 15 тест тапсырмасы бір немесе бірнеше дұрыс жауаптан тұрады.

Тест тапсырмаларын бағалау:

бір дұрыс жауабы тест тапсырмасы дұрыс толтырылса әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі;

бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалар дұрыс толтырылса, 2 балл беріледі. Ал бір жауабы дұрыс болып екінші жауабы қате толтырылса (1 дұрыс жауабы табылмаса немесе жауап дұрыс белгіленбесе) 1 балл, ал қателері көп болса 0 балл беріледі.

9-сынып бойынша максималды балл – 75 балл (екінші пәнде информатика пәнін тапсырғандар үшін максималды балл – 47 балл).

11-сыныптардағы ОЖСБ 3 пән бойынша тапсырылады. Пәндер: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы. Тест тапсырмасының жалпы саны – 60, тестілеуге жалпы 1 сағат 50 минут уақыт беріледі.

11-сынып оқушыларға арналған тест тапсырмаларының құрылымы:

әр пән 20 тест тапсырмасынан тұрады. Тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс.

11-сынып бойынша максималды балл – 60 балл.

Тестілеуді кез келген тест тапсырмасынан бастауға болады. Егер тест тапсырмасына жауап берілмесе немесе жауап берілген тест тапсырмасын түзету қажет болса, тестілеу аяқталмаған жағдайда қайта сол тест тапсырмаларына оралуға болады.

Тестілеу кезінде рұқсат берілмейді:

1. Рұқсатсыз аудиторидан шығуға;

2. Орын ауыстыруға;

3. Анықтамалық әдебиеттер, электронды жазба кітапшалары, калькулятор, ұялы байланыс телефондары мен т.б. коммуникация материалдарын қолдануға болмайды.

Тестілеуді мына сайт арқылы өтуге болады:voudso.testcenter.kz

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив