Кітап оқуға ынталандыратын тың жобаның серпіні » СШ №37
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-43-08-22
Есепші бөлімі:
+7(726) 2-43-08-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кітап оқуға ынталандыратын тың жобаның серпіні
08
маусым
2017

Кітап оқуға ынталандыратын тың жобаның серпіні

             Кітап оқуға ынталандыратын тың жобаның серпіні

                                                        «Кітап-өмір ұстазы. Сондықтан жастар  кітап оқуды  күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу,    

                                                                                                                білім алу мүмкін емес».

                                                                                                                Серке Қожамқұлов

Бүгінгі күнде кітап оқу дағдарысы, кітап қадірінің кете бастауы қазіргі қоғамның басты проблемасы болып отыр. Алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті мен арғы-бергі тарихты қамтитын, көркем дүниенің келісті кестесі саналатын кітаптың қай уақытта да жөні бөлек. Алайда ғылым мен техника қарыштап дамып жатқан ғасырда және түрлі гаджеттер шығып жатқан кезеңде балаларды кітап оқуға қызықтыра алмайсың. Қайткенмен де біздің ұжым бұл пікірмен келіспейді. Қанша жерден өркениет жолына түстік, қарыштап дамыдық деген елдердің қай-қайсысы да мерзімдік басылымдарды, кітап оқуды тоқтатқанын ешқайсымыз әлі көрген емеспіз. Қайта денсаулықтың жайын ойлаған озық жандар қағаздағы дүниенің қапысыз екеніне көздерін жеткізіп, оның пайдасын алға тарта бастады. Ғалымдар жүргізген зерттеулердің нәтижесінде, кітап оқуды ұнататындар ақпараттық кеңістікте білім-білігімен өздерін еркін сезініп, медиаортада еркін ой қорыта алады. Олардың таңдаулары медиа тұтынудың жоғарғы сапасына сай. Бұған қоса оқырман, көрермен, тыңдаушы ретінде де анағұрлым сауатты. Ең бастысы сөйлеу мәдениеті мен сауатты жазу жағынан кітап оқитындар өзгелерден көш ілгері тұратыны анықталған.

Өскелең ұрпақтың, тіпті ұстаздардың да кітап оқудан алыстап бара жатқаны ертеңіміздің рухани жұтауына апарары сөзсіз. Осыған орай, мектеп басшылары курсының бірінші бетпе-бет кезеңінде танысқан "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы тәжірибесінен «100 ән,100 кітап» жобасы мен үшін үлкен олжа болды. Ұрпақтың кітап оқуына ықпал ету жұмысын қолға алып, жобаны "25 ән,  25 кітап" деп ықшамдап, іске асыруды бастадық. Мектептің орта және жоғарғы буын оқушылары кітапты оқып болғаннан соң, басқа сыныптарға барып, кітаптың мазмұны мен мағынасы жайлы баяндап, соңынан барлығы талқылайды, оқушылар эссе жазады деп жоспарлап отырмыз. Оқыған кітапты талдау барысында логикалық ойлары өрбіп, талғамдары кеңейе түседі деп күтеміз. Алғашқы жетістігіміз ретінде бір ғана мысал келтіруге болады: Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романын оқыған оқушы ана образын бейнелейтін үзіндіні жатқа оқығанда, тыңдаушылар таңданып,  Мүсіреповтің "Анасымен" тілдескендей күй кешіп, оқушыға ризашылықтарын білдірді. Осы шарада оқушылардың көркем шығарма оқуға ынтасын, көркем сөз оқуға құмартуын аңғардық.

Оқушыларды кітап оқуға бағыттағанда, ең бастысы, олардың жас ерекшеліктерін ескеруді назарда ұстауымыз керек. Себебі оқылатын шығарманың тақырыбы баланың жас ерекшелігіне сай болғанда ғана, оқушының қызығушылығы оянады, түсініп оқуы, ойлауы мен тілі, пайымы, дүниетанымы дамиды.

Ойымды қорыта келе, баршаға айтарым, гаджеттер мен компьютерге көп бейімделіп бара жатқан жас ұрпақтың рухани жұтаңдауымен күресу үшін оларды кітап оқуға ынталандыруымыз қажет. Кітап оқудың өзі үшін пайдалы екенін балаға түсіндірмекші ұстаздардың, кітапханашылардың өзі де осы жобада атсалысуы оқырмандар қажеттілігін өтейтіндей ашық диалогке түсуіне көмек болар еді.  Көркем мәнермен, мәдениетті сөйлейміз десек, кітап оқып, «Артық білім - кітапта» екендігін басқаларға айта жүрейік.

Похожие публикации:

19 мамыр 2017 4
19 мамыр 2017 1
05 маусым 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив