1
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №37 орта мектебі» КММ туралы қысқаша анықтама
Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектебі 1937 ж. – Төрткүл көшесінен 4-жылдық Төрткүл мектебі болып ашылды.
1957 – 1977 жж. – аралығында 4-жылдық Төрткүл мектебіне М.И.Калинин есімі берілді.
1970-1977 жж. 4-жылдық М.И.Калинин атындағы мектеп 8-жылдық болып өзгертілді.
1977 жылы 8 жылдық Калинин атындағы мектеп Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткені үшін бірнеше орденнің иегері жерлесіміз, мерген Ы.Сүлейменовтің есімі берілді.
Қазіргі мектеп ғимараты 1980 жылдан Тараз қаласы әкімдігінің қаулысы бойынша қазақ тілінде білім беретін орта мектеп болып ауыстырылды.
Мекен – жайы: Тараз қаласы, Крупская көшесі № 26 «А».
Мектептің жобалық қуаты - 480 оқушыға арналған, қазіргі таңда 298 оқушы және
52 бала мектепалды даярлық сыныбында білім алып және мектеп жанындағы шағын орталықта – 75 бала тәрбиеленуде.
Педагогтар саны – 35
оның ішінде: жоғары білімді – 32; арнаулы орта білімді – 3;
Сапалық құрамы – 85,5% .
Қызметкерлер саны – 27
Оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуі , кітап қоры – 8075, (1 оқушыға келетін кітап саны -33), оқулықпен қамтылу көрсеткіші - 100% Кітап қоры – 8075, (1 оқушыға келетін кітап саны -33). Оқу кабинеттері – 13, спорт зал – 1,мәжіліс залы – 1 (180 орын), асхана – 1 (28 орын), компьютерлік сынып – 1, компьютер техникасының саны – 12 (1 компьютерге 23 оқушыдан келеді).