«Жас Ұлан» ұйымы
«Жас Ұлан» ұйымы оқушыларының арасында «Әлем ғажайыпқа толы» атты акция өткізілді. «Жас Ұлан» ұйымы оқушылары зейнетке шыққан ардагер ұстаз Кенжеғараева Гүлшара Әлібекқызының үйіне барып сый – сияпат беріп құттықтап қайтты. «Жас Ұлан» ұйымы Кенжеғараева Гүлшара Әлібекқызына арнап өлеңдер оқыды. Ардагер ұстаз Кенжеғараева Гүлшара Әлібекқызы «Жас Ұлан» ұйымы оқушыларына және мектеп әкімшілігіне риза болып алғыстарын білдірді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Мәңгілік ел» патриоттық актінің шеңберінде өткізілген «25 ізгі іс» қалалық акциясына байланысты өмірде жақсылық жасауға үйрете отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу мақсатында «Жас Ұлан» ұйымы оқушыларының арасында «Жақсылық жаса ,уақытыңды босқа өткізбе» атты акция ұйымдастырылды. «Жас Ұлан» ұйымы оқушылары «Қ.Сарымолдаев атындағы интернат № 1 балалар үйі» барып , балаларға сыйлық апарып қайтты. Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс.