14
қаңтар
2019
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры»атты мақаласы бойынша өткізілген конференция 9-11 сыныптар
Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектебінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында конференция өтті. Конференцияның мақсаты: жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, халқымыздың тарихын санаға сіңіру. Конференция жұмысына жоғары сынып оқушылары және тарих пәні мұғалімдері қатысты. Бағдарламаға сай мектеп кітапханашысы Г.Айтжанова кітап көрмесін ұйымдастырды. 9-11 сынып оқушылары Ұлы даланың жеті қырына жеке тоқталып, талқылады. Мақалада Елбасы халықты тарихымызға құрмет қарауға және өткеннен сабақ ала отырып, санамызды жаңғыртуға шақырғанын оқушылар өз пікірлерімен жеткізе білді.
11 сынып оқушысы З.Серікұлы: Елбасының «Төл тарихын білетін, бағалайтын жә¬не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо¬лады деп сенемін. Өткенін мақтан тұ¬тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо¬лашаққа оң көзқарас таныту – елі¬міз¬дің табысты болуының кепілі деге¬ні¬міз осы» - деп аяқтауының өзі жастарға үлкен сенім артып отырғандығын білдіреді.