05 мамыр 2020 0 1 2 3 4 5 Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектеп 9 мамыр - Ұлы Жеңіске 75 жыл! View this post on Instagram Тараз қаласы. Ы.Сулейменов атындағы N37 орта мектебі. 9 мамыр - Жеңіс күні. Сіздерді 9 мамыр -Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке -жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы. Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз.Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз. Батыр ұл есімдері ақталады Жыр болып жүректерде сақталады. Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп, Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарымыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін. Сіздерге және отбасыларыңызға ізгіліктер мен игіліктер тілеймін! Табыстар мен сәттіліктер мол болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын! A post shared by Suleimenov Mektebi (@suleimenovmektebi) on May 5, 2020 at 1:32pm PDT media=https://www.instagram.com/p/B_0b3yxFvxs/] View this post on Instagram Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған "Мен батырдың ұрпағымын " атты бейнеролик. A post shared by Suleimenov Mektebi (@suleimenovmektebi) on Apr 25, 2020 at 10:42pm PDT