Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері
Мектеп өміріне қатысуға;
1. Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.
«Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, гимназия Жарғысында сонымен қатар,
басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін
орындауға;
Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі жәнепедагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;
Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;
Сабақ кестесіне сәйкес оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге;
Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;
Баланың сабақтан тыс ісшараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;
Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;
Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
Баланың қалтасында өткір,үшкір,түйрейтін,кесетін,улы заттармен (пышақ, қайшы,ине,дәрі) жүрмеуін бақылауға;
Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;
Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;
Балаға сағат 21.00 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;
Балаға патриоттық,рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдарданқорғауға міндетті.