100 есім Тараз жеңімпаздары » СШ №37
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-43-08-22
Есепші бөлімі:
+7(726) 2-43-08-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 100 есім Тараз жеңімпаздары
14
ақпан
2018

100 есім Тараз жеңімпаздары

5.Ғалым Арыстанбаев Қазбекұлы – полиция сержанты, көпбалалы әке, үлгілі отағасы. Қазіргі таңдам 11 бала тәрбиелеп отыр, 6-ы ұл, 5-і қыз. Олардың 8-і жетімдер үйінен алынған әр түрлі ұлт өкілдерінің балалары, олардың ішінде қазақ, әзербайжан, қытай, өзбек, сыған, орыс, ұйғыр, татар бар. Ол әйелімен отбасы типіндегі балалар үйін ашқан. Ғалым өз әйелінің керемет қолдау көрсететінін айтады. Әйелі Әлиямен 10 жылдан астам уақыт бірге өмір сүріп келеді.
Ғалымның айтуы бойынша олар бір-бірін түсініп, толықтырып отырады, сол үшін де олардың отбасы түсіністікпен бақытта өмір сүріп жатыр.
Балалардың тәрбиесімен көбінесе сержанттың әйелі айналысады. Мамандығы бойынша - мұғалім. Ол өзін қазір тек отбасына арнайды, жұмысынан шыққан. Әйелінің мойнында үй мен баланың қамы. Ал Ғалым Арыстанбаев көп жылдан бері Отаны үшін аянбай қызмет етіп келеді.
Айтар болсақ отбасындағы бірлігі үшін Арыстанбаев «Мерейлі отбасы» конкурсында 1-орынға ие болған. Конкурс 3 турдан тұрған, 44 қатысушы болған. Бұл жетістікпен отбасы тоқтап қалғысы жоқ, олар өздерінің кішкентай үй типіндегі балалар үйін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бекзат Ахметбеков - спорттық жекпе-жек, самбо, дзюдо бойынша спорттық жарыстың қатысушысы болды.
2012, 2013, 2014, 2015 жылдары самбодан күміс медальмен марапатталды. 2012, 2013 жж. Азиада ойындарының Чемпионатының жеңімпазы атанды. 2017 жылы Қазақ күресінен әлем чемпионы атанды. Қазақ күресінен Қазақстан чемпионы аталады.
Қытай, Үндістан, Өзбекстан секілді елдерде халықаралық чемпионаттарға қатысқан. Әртүрлі спорттық сайыстарға қатысушы бола тұра өзін талапкер спортшы, өз ісін білетін азамат ретінде таныта білген.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив