22 – наурыз – Ұлыстың ұлы күні » СШ №37
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-43-08-22
Есепші бөлімі:
+7(726) 2-43-08-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 22 – наурыз – Ұлыстың ұлы күні
20
наурыз
2019

22 – наурыз – Ұлыстың ұлы күні

Ы.Сүлейменов атындағы № 37 орта мектебінің 
22 – наурыз – Ұлыстың  ұлы күні мерекесіне орай өткізілген
 іс – шаралардың қорытындысы 
      
        22 – наурыз мерекесіне байланысты іс – шара жоспары жасалып бекітіліп, бұйрық   
 шығарылды.  «Наурыз мерекесі құтты болсын!» атты көрме   ұйымдастырылып, мерекелік қабырға газеттері шығарылды. Мектеп кітапханасында кітапханашы  Г.Айтжанованың ұйымдастыруымен «Табиғат – тал бесігім»атты  
кітаптар көрмесі, 1 -4 сынып жетекшілері арасында  бірыңғай  «Аталы сөз – тәрбие көзі» салт –  дәстүрлерді құрметтеу тақырыбында  тәрбие сағаттарын өткізді.   
19. 03.2019ж күндері  1 – 11сынып оқушыларының аралығында «Әсемдік әлемі»  
атты қолөнер байқауы,оқушылар қолдан жасалған бұйымдарынан  «Наурыз 
нақыштары» ұлттық  құндылықтар тақырыбында   көрме ұйымдастырды.  Оқушылар белсене атсалыса қатысып көрме  жасады. 5-7сынып жетекшілері  «Армысың ,Әз 
Наурыз!» , «Ата  дәстүрді жалғастырайық!» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізді.  
19.03.2019ж күні   6 – 7 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Қош келдің , Әз – Наурыз!» атты этномәдениеттік салт – дәстүрлі концерттік  бағдарламасы өтті. Мектептің көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері және оқушылар өз өнерлерін көрсетті.  «Қош келдің , Әз – Наурыз!» атты концерттік  бағдарламада әжелер шашу шашып, «Қауышу» дәстүрі көрсетілді. «Қауышу» дәстүрі – наурыз мерекесінде адамдар бір – бірінің қолын алып ,құшақ жая қауышып, арқаларынан қағысады. Осы күні ренжіскен адамдар бір – бірімен татуласады. Бір – біріне кешіріммен қарайды , жақсылық  жасауға асығады.  Наурыздың 22 жұлдызы – халықаралық мереке. Бұл күні қазақ халқы ұлттық ойындар ойнап,ән айтып, би билейді. Қазақ халқының ежелден белгілі салт – дәстүрі болып табылатын «Бесік тойын»  10 сынып оқушылары, осы ұлы күнге  байланысты  халықтың  әдет – ғұрыптары  мен жол – жоралары , салт – дәстүрлері бар.  Соның бірі – айтыс. «Қыз бен жігіт» айтысын  6 сынып оқушылары, «Тұсау кесер» көрінісін  5 сынып оқушылары 8 -11 сынып оқушылары «Арқан тартыс», «Асық » ойынан ,т.б ұлттық ойындарын өз дәрежесінде көрсете білді. 
   Үйірме жетекшілері спорттық іс – шара ұйымдастырды. Ұлттық ойындар : теңге алу,  
  арқан тартыс, қазақша күрес, тоғызқұмалақ т.б көрсетілді. Жеңіске жеткен оқушылар 
  марапатталды.  Әр адам  өзіне  ,отбасына немесе  туыс – туғандары мен  жарандарына 
 Ұлыстың  ұлы күнімен  құттықтап,  жақсы тілектер тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм   татады. Мектеп ұжымы  келген қонақтарға  Наурыз көжелер  таратты, наурыз тойында әркім үлкендерден бата тілейді. Наурыз бата – Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиеті түрлерінің бір саласы. Дана халқымыз «Батаменен –ел, жаңбырменен жер көгереді» деп бекерге айтпаған мерекелік кешіміз «Наурыз бата»   наурыз тойының ақ батасымен аяқталды.   


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив