Конкурс
Жұмыс туралы хабарландыру!
37-taraz.mektebi.kz «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектебі» КММ КОНКУРС жариялайды:
Бос орынға конкурс жариялау!
1. Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
- Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар модуль «Enbek.kz», мектеп сайты мен әлеуметтік парақшаларында (фейсбук, инстаграмм) жарияланады.
Конкурс төмендегідей бос орынға жүргізіледі:
- Информатика пәнінің мұғалімі, 9 сағат жүктеме;
- Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектебі» КММ. Мекеменің мекен жайы: 1 тұйық, Мәңгілік ел 26. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектебі» КММ ғимараты.
Құжаттар 20.12-30.12.2024 жыл аралығында қабылданады.
- Электронды почта: mektep-37@yandex.kz
- Анықтама үшін байланыс телефоны: 43-69-14; +7 747 771 99 71. Қоңыраулар мен өтініштерді қабылдау уақыты: 09:00 - 17:00. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
2. Негізгі функционалдық міндеттері: Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог-мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары.
Лауазымдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.