Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016
жылы 16 ақпанда № 13085 болып тіркелді "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі
Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдары
үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілсін.
Қазақстан
Республикасы
Білім және ғылым
министрі
А. Сәрінжіпов
Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы орта білім
беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар (бұдан әрі –
Талаптар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан
Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес
білім алушыларды сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Жоғарыда аталған Талаптар білім
берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім
алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің
белгілерін жоюға бағытталған.
2. Осы Талаптарда мынадай
негізгі ұғым қолданылады:
орта білім беру ұйымы –
бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу
бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу
бағдарламаларын iске асыратын оқу орны.
3. Талаптардың мақсаты –
міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының бірыңғай
келісімін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын
қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны басшыларының және
қоғамдық кеңестердің (мектеп кеңесі, қамқоршылық
кеңес, ата-аналар комитеті) жауапкершілігін арттыру.
4. Міндетті мектеп
формасына қойылатын талаптар орта білім беру ұйымдарының фойесінде, ал
таныстыру мақсатында орта білім беру ұйымдарының Интернет-ресурстарында
жарияланады.
2. Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
5. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп
формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі,
түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай
түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық
емес түстерден таңдалады.
6. Мектеп формасы білім
алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
7. Мектеп формасы күнделікті,
мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
8. Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік
жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға
арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
9. Қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, юбка, шалбар,
классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға
арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып
тұрады.
10. Ұлдардың мерекелік
формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан
құралады.
11. Ұлдар мен қыздарға
арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка),
спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
12. Мектеп формасына
классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар
келетін галстук тігіледі.
13. Мектеп формасына түрлі діни
конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің
04.04.2016 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Мектеп
формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер
және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет,
галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.
15. Мектеп формасына
қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу
ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады.
16. Мектеп формасына
қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар
киюге тыйым салынады.
17. Мектеп формасын енгізу
барысында мата құрамына назар аударылады.
18. Мектеп формасының
матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді,
антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар
қолданылады.
19. Мектеп формасының
түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен
қоғамдық кеңес айықындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен
бекітіледі.
20. Мектеп формасына
өзгерістер енгізу туралы шешім қоғамдық кеңеспен келісу арқылы қабылданады.
21. Ата-аналар және өзге
заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп
формасын киюіне жауап береді.
3. Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау
22. Орта білім
беру ұйымының басшысы (бұдан әрі – Басшы) және қоғамдық кеңес (мектеп
кеңесі, қамқоршылық
кеңес, ата-аналар комитеті) міндетті мектеп формасын енгізу
кезінде осы Талаптарды басшылыққа алады.
23. Ата-аналар мен өзге де
заңды өкілдер мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға қатысады және оны
жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді, оны кез келген сауда желісінен сатып алады.
24. Облыстардың, Астана және
Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандық (қалалық) білім бөлімдері
ата-аналарға мектеп формасын отандық мектеп формасын шығаратын өндірушілерден
сатып алуды ұсынады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа
редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.04.2016 № 248 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
25. Басшы ағымдағы жылғы 25
мамырға дейін мектеп формасының бекітілуін қамтамасыз етеді.
26. Басшы білім алушылардың
мектеп формасын сақтауы мәселесін қоғамдық кеңестің талқылауына шығарады.
27. Басшы осы Талаптармен
ата-аналарды немесе заңды өкілдерді білім алушыны білім беру ұйымына қабылдау
туралы өтініш (еркін нысанда) беру кезінде қол қойғызу арқылы және жалпы мектептік
ата-аналар жиналысында таныстырады.
Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 ақпанда № 13067 болып тіркелді
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
5-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған орта
білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ереже бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
министрі
А. Сәрінжіпов
Қазақстан
Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 12 қаңтардағы
№ 18 бұйрығымен бекітілген
Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1.
Осы орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ереже (бұдан әрі –
Ереже) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
5-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Ереже сыныптағы білім алушылардың оқу-тәрбие
процесі шеңберіндегі қызметін үйлестіру бойынша педагог қызметкерге (бұдан әрі
– сынып жетекшісі) жүктелген функцияларды айқындайды.
3. Сынып жетекшісі өз қызметін Қазақстан
Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдарына және білім беру
саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
4. Сынып жетекшісінің қызметі – білім беру
ұйымының жарғысы, білім алушыларға білім берудің өзекті міндеттері, жаңартылған
мазмұны, әдіснамасы, сондай-ақ тәрбие нысандары ескерілген тұлғалық бағдарлы
тәсіл негізінде құрылған мақсатқа сай бағытталған, жүйелі, жоспарланған
процесс.
5. Сынып жетекшісі тәрбие
жұмысын ұйымдастыру саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және
оқыту дағдыларын меңгеріп, жоғары өнегелілік қасиеттерге ие бола, білім
алушыларды жігерлендіріп, оларға қолдау көрсетіп және биік адами мұраттарға
бағыттайды.
Сынып жетекшісіне тағайындауға кандидатураларды
іріктеуді білім беру ұйымының әкімшілігі жүзеге асырады, кейін басшының
бұйрығымен бекітіледі.
6. Сынып жетекшісі қызметіне
бақылауды жалпы орта білім беру ұйымы басшысының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары жүзеге асырады.
7. Білім беру процесінің
қатысушылары білім беру ұйымдарының әкімшілігі, педагогтер, сынып жетекшілері,
білім беру ұйымдарындағы жұмыскерлер (мектептің медициналық қызметкерлері,
психологтар, логопедтер), білім алушылар, олардың ата-аналары және өзге де
заңды өкілдері болып табылады.
2. Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты мен міндеттері
8.
Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты – білім алушының азаматтық өзіндік санасын,
жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі іске
асыруын қалыптастыруы, оның тұлғалық өзін-өзі анықтауы, қоғамда табысты
әлеуеттенуі мен бейімделуі үшін, білім алушылардың шығармашылығын дамыту, бос
уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдай жасау.
Жалпы орта білім беру мазмұнында базалық
құндылықтар: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет,
ынтымақтастық, еңбек және шығармашылдық, ашықтық, өмір бойы білім алу болып
табылады.
9. Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері:
1) сынып активін қалыптастыру;
2) әр білім алушының тұлғасын дамыту, өзін-өзі
таныту, оның әлеуеттік қабілеттерін ашу және қайталанбастығын сақтау үшін
қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдай жасау;
3) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
4) сыныпта білім алушылармен жүйелі жұмыс
ұйымдастыру;
5) тұлғаның шығармашылық, рухани, табиғи
мүмкіндіктерін дамыту;
6) салауатты өмір салтына ынталандыру;
7) оқушыларда адамгершілік-өнегелік және рухани
қасиеттерді қалыптастыру, толеранттылыққа баулу;
8) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны -
Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік
тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және
қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
9) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды
тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне
қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын
қалыптастыру;
10) отандық және әлемдік мәдениеттің
жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының
тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел
тілдерін меңгерту;
11) оқушылардың бойында ұжымдық пен басқаларға
жауапкершілік, және сезімдік, достық тұрғысынан топта жұмыс істеуде
қабілеттілігін қалыптастыру;
12) балаларға арналған қауіпсіз ортаны
қалыптастыру.
3. Сынып жетекшісінің функциясы
10. Сынып жетекшісінің функциялары.
1) Ұйымдастыру-үйлестіру функциялары:
сынып ұжымын дамытудың талдауына, жай-күйіне
және даму перспективасына қарай, құрастырылған орта білім беру ұйымының тәрбие
жұмысы жоспарын ескере отырып сынып жетекшісі қызметінің жоспарын әзірлеу.
Тәрбиелік қызметтің нәтижелерін болжау;
педагогикалық қызметкерлермен және білім беру,
денсаулық сақтау ұйымдарының басқа қызметкерлерімен, білім алушылардың
ата-аналарымен және басқа заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау, оларға білім
алушыларды тәрбиелеуде көмек көрсету (жеке, психолог, әлеуметтік педагог,
қосымша білім беру педагогы арқылы);
жалпымектептік ұжым қызметі шеңберінде білім
алушылар тұлғасының оң әлеуетін дамыту үшін тиімді білім беру процесін
ұйымдастыру;
білім алушылардың орта білім беру ұйымында және
мектептен тыс ұйымдарда сабақтан тыс уақытта, сондай-ақ қосымша білім беру
жүйесі (үйірмелерге, байқауларға, викториналарға, олимпиадаларға, байқауларға
қатыстыру, экскурсиялар ұйымдастыру, театрларға, көрмелерге бару) арқылы алған
түрлі қызметін ынталандыру және ескеру;
білім алушылармен, олардың ата-аналарымен және
басқа заңды өкілдерімен оқыту жұмысын ұйымдастыру;
халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан
балаларды анықтау, есепке алу және жұмыс жүргізу;
білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына,
мамандықты саналы таңдауына ықпал ету.
сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестік
жұмысына қатысуы;
тәрбие жұмысын сынып ұжымымен жоспарлау, білім
алушылармен, олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен жүргізілетін
жеке жұмыс жоспарын әзірлеу;
жалпымектептік жоспарлаудың негізгі
қағидаттарының орындалуын ескере отырып, сыныппен жүргізілетін тәрбие жұмысын
жоспарлау нысандарын анықтауға;
сыныпта тәрбие процесін ұйымдастыруға пән
мұғалімдерін, білім алушылардың ата-аналарын және өзге де заңды өкілдерін,
басқа салалардың мамандарын (ғылым, өнер, спорт, құқық қорғау органдары және
т.б) тарту;
сыныпта оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушыларды
сынып және мектеп ұжымдарының жүйелі қызметіне қатыстыру;
білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың
отбасындағы және мектептегі тіршілік әрекетін зерделеу;
білім алушылардың мінез-құлқындағы девиантты
көріністерді қадағалау және дер кезінде айқындау, тиісті педагогикалық және
психологиялық көмек көрсету, мектеп әкімшілігін хабардар ету;
білім алушыларға олардың аса күрделі өмірлік
проблемалары мен жағдайларын шешуде көмек көрсету;
білім алушылардың әлеуметтік, психологиялық және
құқықтық қорғалуын ұйымдастыру;
сынып ұжымында қолайлы психологиялық ахуал
жасау;
салауатты өмір салтын насихаттау;
білім алушылардың ата-аналарын және өзге де
заңды өкілдерін олардың үлгерімі мен тәртібі туралы хабардар ету, сыныптағы
ата-аналар комитеті жұмысына түзету енгізіп отыру;
жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогикалық
қызметкерлермен өзара әрекеттесу;
сынып ұжымымен сынып сағаттарын және басқа да
сабақтан тыс, мектептен тыс іс-шаралар өткізу;
сынып құжаттамасын (білім алушылардың жеке істері, сынып журналы, күнделіктерінің толтыруын қадағалау), сондай-ақ орта
білім беру ұйымының нормативтік актілерімен айқындалған басқа да құжаттамаларды
жүргізу;
өзін-өзі сақтау және бейтаныс адамдармен
қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді;
техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;
сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларды
өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
білім беру ұйымының басшысын бала құқықтарының
бұзылу (қорқытып алу, бопсалау, балалардың қаза болу және басқа да жазатайым
оқиғалар) және білім алушының құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) жасау
фактілері туралы уақтылы хабардар ету.
2) Коммуникативті функциялар:
білім алушылар арасында тұлғааралық қатынасты
реттеу;
сыныпта ортақ қолайлы психологиялық ахуал
орнатуға ықпал ету;
білім алушыларға құзыреттілік қасиеттер
қалыптастыруда көмек көрсету.
3) Талдамалы функциялар:
білім алушылардың жеке ерекшеліктерін және
олардың даму динамикасын зерделеу;
тұлғаның және ұжымның тәрбиелілік деңгейін
талдау және бағалау;
білім алушы тұлғасының қалыптасуына отбасы
тәрбиесінің ықпалын талдау және бағалау;
сыныптағы білім алушылардың үлгерімі мен жалпы
даму динамикасына жүйелі түрде талдау жасауды жүзеге асыру.
4) Бақылау функциялары:
сыныптағы білім алушылардың оқу үлгерімін,
сабаққа қатысуын, сыртқы келбетіне бақылау жасауды жүзеге асыру.
11. Сынып жетекшісінің
функцияларына сәйкес білім алушылармен жүргізетін мынадай жұмыс нысандарын
таңдайды:
1) жеке (әңгімелер, кеңестер, мәселені бірге
шешу жолдарын іздестіру және тағы басқалар);
2) топтық (шығармашылық бірлесткітер, өзін өзі
басқару органдары және басқалар);
3) ұжымдық (байқаулар,
спектакльдер, концерттер, жорықтар, слеттер, жарыстар және тағы басқалар).
Білім алушылармен жүргізетін жұмыс нысандарын
таңдауда:
орта білім беру ұйымының міндеттеріне сәйкес
қызмет мазмұнын және негізгі түрлерін анықтауды;
білім беру процесін ұйымдастыру принциптерін,
білім алушылардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және мүмкіндіктерін, сыртқы
жағдайларды ескеруді;
сыныптағы білім алушылардың әлеуметтік маңызды,
шығармашылық қызметінің мазмұны, әдістері мен формаларының тұтастығын
қамтамасыз етуді басшылыққа алған дұрыс.
4. Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру
12. Сынып жетекшісі сынып ұжымымен және ондағы жеке білім алушылармен мынадай
жұмыстарды жүзеге асырады:
1) үнемі сабаққа келмегендерді және
кешіккендерді айқындайды, олардың келмеу немесе кешігу себептерін анықтайды,
сабаққа қатыспаудың және кешігіп келудің алдын алу жұмысын жүргізеді;
2) сынып кабинетінде білім
алушылардың кезекшілігін ұйымдастырады;
3) білім алушылармен, оның ішінде олардың
мінез-құлқында девианттылық пайда болған жағдайда жүргізілетін әртүрлі жеке
жұмыс нысандарын ұйымдастырады.
13. Сынып жетекшісі апта сайын:
1) білім алушылардың күнделік толтыруын
тексеруде апта бойы алған бағаларының қойылуын тексереді;
2) тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес сынып
жетекшісі сағатын (сынып сағатын) өткізеді;
3) тәрбиелеу жұмысы жоспарына сәйкес ай сайын
кемінде екі тәрбиелеу іс-шарасын (сынып сағатынан бөлек) өткізеді;
4) білім алушылардың ата-аналарымен және өзге де
заңды өкілдерімен жұмыспен ұйымдастырады (жағдайға байланысты);
14. Сынып жетекшісі ай сайын:
1) өз сыныбындағы сабақтарға
қатысады;
2) психологтың және жеке педагог
қызметкерлердің кеңесін алады;
3) сынып ұжымының және оның
белсенділерінің жұмысын ұйымдастырады;
15. Сынып жетекшісі оқу тоқсаны бойында:
1) сынып журналының жүргізілуін қамтамасыз етеді;
2) сынып жетекшілері әдістемелік
бірлестік жұмысына қатысады;
3) тоқсан бойы тәрбие жұмыс
жоспарының орындалуына, оқущылардың үлгерім жағдайына және тәрбиелік деңгейіне
талдау жүргізеді;
4) жаңа оқу тоқсанына арналған
тәрбие жоспарын әзірлейді;
5) сынып ата-аналарының
жиналысын өткізеді;
6) оқу бөліміне сынып
оқушыларының тоқсандағы оқу үлгерімі туралы есеп тапсырады;
16. Сынып жетекшісі жыл сайын:
1) оқушылардың жеке істерін
ресімдейді;
2) оқу жылы бойындағы сыныптағы
тәрбие жұмысының жай-күйіне, білім алушылардың тәрбиелілік деңгейіне талдау
жүргізеді;
3) сыныптың тәрбие жұмысы
жоспарын (сынып жетекшісінің жоспары) жасайды;
4) сыныптағы білім алушылар
туралы статистикалық есеп жинайды және мектеп әкімшілігіне тапсырады.
5. Сынып жетекшісінің құжаттамасы
17. Сынып жетекшісі мынадай құжаттаманы жүргізеді:
1) орта білім беру ұйымы
жұмысының перспективалық жоспары негізінде тәрбие жұмысының жоспары. Тәрбие
жұмысының талдауы мен жоспарының нысаны мектеп сынып жетекшілерінің әдістемелік
бірлестігі айқындайды;
2) білім беру ұйымы басшысы
белгілеген нысанда сыныптың әлеуметтік паспорты;
3) сыныптағы білім алушыларды
педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық, табиғи зерттеу нәтижелері;
4) ата-аналар комитеттері мен
ата-аналар жиналыстары отырыстарының хаттамалары, ата-аналар жиналыстарын
дайындауға арналған материалдар;
5) балалармен жүргізілетін
тәрбие шараларының материалдары;
6) сынып жетекшілігі бойынша
әдістемелік жұмыс материалдары;
7) тәрбие жұмысының тоқсандық,
жартыжылдық және жылдық талдауы;
8) есептер, талдау және басқа да
материалдары.
6. Сынып жетекшісінің тәрбие қызметі нәтижелілігінің өлшем шарттары
18. Сынып жетекшісінің тәрбие қызметі нәтижелілігі төмендегі өлшемшарттармен
айқындалады:
1) сынып жетекшісі қызметінің
нәтижелігін білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен басқа да білім беру процесіне
қатысатын ұйымдар талдайды және бағалайды. Осы мақсатта әрбір білім беру
ұйымдарында жұмыс жүйелерінің өлшемшарттары, сондай-ақ бағалау-талдау қызметтің
тәсілдері әзірленеді.
2) сынып жетекшісінің қызметін
бағалауды, әдетте, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге
асырады.
3) сынып жетекшісі жұмысының
тиімділігі өлшемшарттар негізінде бағаланады, олардың сипаттамасы:
тәрбиеленушілердің тұлғалық сапасын және жеке
қабілеттіліктерін дамыту деңгейлері;
білім алушыларға тұрақты білім беру
бағдарламасын табысты игеруді немесе үлгерім динамикасының оң болуы;
сынып ұжымының, сыныпты тәрбиелеу жүйесінің
қалыптастырылуы;
ата-аналар балалардың сыныптағы тіршілік
әрекетіне және сынып жетекшісі қызметінің нәтижелелеріне қанағаттаншылық
танытуы;
тәрбиеленушілердің әр түрлі әрекеттерде нәтижеге
жетуі;
балаға сынып қауымдастықта қолайлы болуы;
4) өлшемшарттардың аталған
жүйесі сынып ұжымының арнайы ерекшелігі мен оның тәрбие қызметін көрсететіндей
болуы және қосымша көрсеткіштермен толықтырылуы да мүмкін (құқық бұзушылықтың
болмауы, қоғамдық және білім алушылардың шығармашылық белсенділігі және т.б.).
Таңдалып алынған өлшемшарттарға сәйкес
психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістемесі, бағалау-талдау қызметтің
әдістері мен тәсілдері жинақталады және қолданылады.
Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 ақпанда № 13038 болып тіркелді
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 34-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Педагогикалық әдеп қағидалары бекітілсін.
Министрдің міндетін атқарушы Т. Балықбаев
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілді
Педагогикалық әдеп қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. О